1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Қазақстандық балаларға жыл сайын жүздеген жоғары технологиялық операциялар жасалынады. 2021 - жылдың 8 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен 2,4 млрд теңге сомасына 582 операция жүргізілді. Жоғарыда аталған бір операцияның орташа құны 4 млн теңгеден асады.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістерінің көмегімен жүргізіледі.

ЖТМҚ-мен емделетін балаларда жиі кездесетін диагноздар-қан айналымы жүйесі, генитурарлы жүйе, ас қорыту, эндокриндік жүйелерінің аурулары және туа біткен ақаулар.

Жыл басынан бері 198 бала кохлеарлық есту аппараттарын имплантациялаудың арқасында есту мүмкіндігіне ие болды,172 пациент жүрек қызметін қалпына келтірді, 67 баланың несеп-жыныс жүйесі органдарында ота жасалынды. Қазақстандық мамандар қан мен сүйек кемігінің онкологиялық ауруларын емдеу кезінде 22 аллогендік және 5 аутологиялық сүйек кемігін трансплантациялауды жүргізді.

Тағы 9 кішкентай қазақстандыққа бауыр трансплантацияланды, екі балаға ми ісіктері кезінде күрделі нейрохирургиялық оталар жасалынды.

Ең көп жоғары технологиялық медициналық көмек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көрсетіледі. 2021 жылдың 8 айында елордада балаларға 278, Алматыда – 252 жоғары технологиялық ота жасалды.

Ел ішінде медициналық технологияларды дамыту, бұл балаларға шетелге емделуге шықпай-ақ ем алудың мүмкіндігі екенін атап өткен жөн.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық дәрігерлердің оқуына және біліктілігін арттыруға ақы төлейді. Шетелдік мамандарды тарта отырып мастер-кластар өткізу, бейінді отандық дәрігерлерді (онкологтар, гематологтар, офтальмологтар, ангиохирургтер) қазақстандық ауруханалар мен ҒЗИ-да енгізілетін жаңа технологияларға оқытуға мүмкіндік береді.

Биылғы жылы мастер-класс шеңберінде 8 балаға интраокулярлы ретинобластомамен селективті артериялық химиотерапия жүргізілді, бұл қатерлі ісіктерді емдеуге көмектесті, 5 балаға көмей және кеңірдек стенозымен түрлі рекоструктивті операциялар жасалынды, 1 балаға халықаралық тіркелімнен бағаналық жасушаларды жеткізу арқылы туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогенді транспланттау жүргізілді.

ЖТМҚ-ға жолдаманы қалай алуға болады?

ЖТМҚ алуға жіберу туралы шешімді пациентті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін қандай да бір медициналық ұйымға жіберу мәселесін шешу үшін бейінді мамандар кіретін жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы құрған арнайы комиссия қабылдайды.

Бұдан әрі медициналық ұйым пациенттің тіркелген жері бойынша құжаттар пакетін ЖТМҚ комиссиясының қарауына жібереді, содан кейін комиссия құжаттарды қарайды, жолдаманың негізділігін айқындайды және хаттамаға ресімдей отырып, шешім қабылдайтын болады. Оң шешім қабылданған жағдайда ЖТМҚ комиссиясы емдеуге жатқызуға жолдаманы пациенттің құжаттар пакетін қоса бере отырып, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркейді. Электрондық форматта қалыптастырылған медициналық ұйымға емдеуге жатқызуға жолдаманы пациент веб-порталда, ЖТМҚ ұсынатын денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызу кезінде қабылдау бөлімінде және тіркелген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына сұрау салу бойынша ала алады. Емдеуге жатқызуға жолдама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қаралады және науқасты стационарға емдеуге жатқызу күнін айқындайды.

 

Егер сізде медициналық көмек алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, сіз өз емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласа аласыз. Сондай-ақ, Қорға ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз: 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.

 

06.10.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу